Объявления

ХАБАРЛАНДЫРУ!


Warning: getimagesize(/var/www/gz_atyrauuniver/data/www/moodledata/filedir/d8/96/d896da4d65fdd83062371765112b2a12de9ac299): failed to open stream: No such file or directory in /var/www/gz_atyrauuniver/data/www/mooc.asu-edu.kz/lib/filestorage/file_system.php on line 409

ХАБАРЛАНДЫРУ!

от Admin User -
Количество ответов: 0

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру


  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 9 наурыз.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 8 сәуір (қоса алғанда).