Объявления

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

by Admin User -
Number of replies: 0

«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Атырау қаласы Студенттер даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – бас бухгалтер бос лауазымға конкурс жариялайды.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің болуы, кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.